20
декабрь
2022
«Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпағына аманат» атты еске алу және танымдық-ағартушылық онкүндігі өткізілді
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде 2022 жылдың 05 – 15 желтоқсан күндері аралығында «Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпағына аманат» атты еске алу және танымдық-ағартушылық онкүндігі өткізілді. 1-4 сыныптарда «Тәуелсіз елім – Қазақстан!» атты және 5-6 сыныптарда «Тәуелсіздік-баға жетпес байлығым» атты тәрбие сағаттары өткізілді. 2 сынып пен 5 сынып оқушылары Республикалық бірыңғай "Жас Қыран" және "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылданып, көпшілік алдында ант берді. 8 сыныптарда «Тәуелсіздік тұғырым» атты зияткерлік ойындар. 9 сыныптар арасында мектепішілік «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындары өткізіліп, өз мықты командаларын анықтады. 10 сыныптармен «Әділетті Қазақстан – Жаңа Қазақстан үндеуі» дөңгелек үстел өткізілсе, 11 сыныптарда «Тәуелсіздікті ұстап тұру білімді жастардың қолында», «Желтоқсан жаңғырығы» тақырыбында эссе жазу ұйымдастырылды.
Сонымен қатар ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Тарихтың мәңгі бесігі – Ұлы тұлғалар есімі» атты тарих пәнінің апталығы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыра білу, оқушылардың салыстырмалы түрде ойлау, ой түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттрін дамыту. Өткен күннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай білуге, тарихын құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу.
Тарих пәнінің апталығы аясында 7 сынып оқушыларымен "Хан Кенесарыға -220 жыл" атты танымдық-зияткерлік сайысы өткізілді. Нәтижесінде І орынға 7а сыныбы, ІІ орынға 7ә сыныбы және ІІІ орынға 7ғ мен 7б сыныптары ие болды.
Тарих пәні апталығы аясында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыздың 110 жылдығына арналған «Дінмұхамед Қонаев - ұлттың ары мен намысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Осы игі шараға арнайы шақырылған қонаевтанушы, профессор, Талдықорған қаласының құрметті азаматы Хания Есдәулетқызы қатысты.