Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
декабрь
2019

«Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік»

2019 жылдың 09-13 желтоқсан күндері аралығында мектебімізде ҚР Тәуелсіздігі күнін мерекелеуге орай «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік» ұранымен апталық өткізілді. Апталық аясында мектеп кітапханасында "Тәуелсіздік тірегіміз!" атты көрме ұйымдастырылса, «Зайырлы мемлекетіміздің рухани тірегі – білімді ұрпақ» ұранымен тарих пәні апталығы өткізілді. Бастауыш сыныптарда «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» сынып сағаттары, 5-7 сыныптарда «Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпақтарына аманат» тақырыптарында тәрбие сағаттары, 8-9 сыныптарда «Қазақстан әлемдік аренада» тақырыбында семинар сағаттары өткізілді. 10-11 сыныптарда «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында конференция өткізілді. Сондай-ақ 5-6 сыныптар арасында "Тәуелсіз елім" атты тапқырлар сайысы ұйымдастырылып, жеңімпаздары анықталды. 2 сыныптардың ұйымдастыруымен «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік» атты салтанатты жиын өткізілді. Аталмыш жиында бірқатар ұстаздар мен жұмысшылар арнайы марапаттарға ие болды. Іс-шаралардың басты мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
 «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік»
 «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік»
 «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік»
 «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік»
 «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік»
 «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік»
 «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік»
 «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік»
 «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік»