13
декабрь
2019
"Ер жүректі - Ақжүрек"
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасы бойынша ағымдағы жылдың 9 желтоқсан күні мектебімізде "Ер жүректі - Ақжүрек" атты 10 сынып оқушыларымен тәлім сағаты өткізілді. Аталмыш тәлім сағаты «Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасы жеңімпазы, спортшы Ақжүрек Таңатаровтың еңбегі мен жетістіктеріне арналды. Ақжүрек Достықұлы Таңатаров - спортшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, бірнеше дүркін халықаралық біріншіліктердің жеңімпазы. Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының қола медаль иегері, Әлем чемпионатының жүлдегері, Азия чемпионы. Шара барысында Ақжүректің спорттағы жетістіктері мен еңбек жолы туралы бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ Олимпиадада жеңіп алған қола медалі не себептен "алтынға тең медаль" деп аталып кетуі туралы түсіндіріліп, сол Олимпиададағы белдесулер көрсетілді. Қатысқан оқушылар зор әсерге бөленіп, ұмытпастай тәлім-тәрбие алды. Бұл шараның мақсаты: Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ауқымды идеяларын білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру және өскелен ұрпақтың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Қызметтің әртүрлі салаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізген отандастар мысалында халық арасында табыстылық идеясын ілгерілету. Салауатты өмір салтына дәріптеу, ұлтымыздың мәртебелі мақтанышына айналған азаматтарына қарап бой түзеуіне ұйытқы болу.