06
октябрь
2018
«Нашақорлыққа жол - жоқ!»
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 1-5 қазан күндері аралығында «Нашақорлыққа жол - жоқ!» атты тақырыпта 4-7 сыныптар арасында сурет салудан байқау өтті. Байқаудың мақсаты оқушылардың жастығын сақтайтын, кедергі келтіретін есірткі, ішімдік сияқты санамызды улап, еңсемізді түсіретін қылықтардан бойымызды таса ұстау. Байқау соңында қатысушылар «Ең үздік суретші», «Ең шебер суретші», «Ең ұшқыр ойлы суретші» номинациялары бойынша мақтау қағаздарымен марапатталды. «Ең үздік суретші» мәртебесіне 5а сынып оқушысы Е.Әбләкім, «Ең шебер суретші» 7ә сынып оқушысы Д.Серік және «Ең ұшқыр ойлы суретші» мәртебнесіне 7в сынып оқушысы Кеңес Меруерт ие болды.
