03
ноябрь
2017
"Бақ жұлдызды Бақтыбай!"
Мектебімізде бастауыш сыныптар арасында "Бақ жұлдызды Бақтыбай!" тақырыбында мәнерлеп оқудан байқау өтті. Байқаудың мақсаты - оқушылардың туған жердің тарихына, мәдениетіне, Жетісудың белгілі тұлғаларының өмірі мен шығармашылығын оқып-үйрену арқылы патриотизмге тәрбиелеу. Байқауға барлығы 21 оқушы қатысты. 7 жүлделі орын белгіленді. І орынды 4 сынып оқушысы Нұрдәулет Ерасыл иеленді. Құттықтаймыз!