04
декабрь
2019
Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру туралы
Мектеп әкімшілігі мен медбикесі және мектептің ата-аналар комитеті мүшелерімен бірлесе[left]
орта білім беру ұйымдарында білім алатын оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру қайғидаларына сәйкес білім алушыларды тиімді тамақтанумен қамтамасыз ету және тағам әзірлеуде пайдаланатын тамақ өнімдерінің сапасына мониторинг жүргізеді.Қазіргі таңда мектеп асханасында 7 адам жұмыс жасайды. Оның ішінде: 1 администратор, 1 бас аспазшы, аспазшы, 1 аспазшы кондитер,1 аспазшы-кондитердің көмекшісі, 2 ыдыс жуушы.
141 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, оның ішінде 91 бала жалпыға бірдей білім беру қорынан, 50 бала асхананы жалға алушы тарапынан тамақтанады.
Асханадағы ыстық тамақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органымен бекітіліп берген ас мәзірге сәйкес дайындалады.
Тамақ өнімдерін сатып алу білім алушылардың тамақ рационына сәйкес және оны сақтау (жарамдылық) мерзімін ескере отырып жүзеге асырылады. Оқушылардың өз қаражатынан тамақтанатын бағасы 300-500 теңге аралығы, тегін тамақтанатын 1-4 сынып оқушыларының тамақтану бағасы 305 теңге, 5-11 сынып аралығында 375 теңгені құрайды.
Күнделікті асханада жасалған тағамның құрамын, салмағын, санитарлық талаптарға сай екендігін мектеп медбикесі тексереді. Асханада тамақ күнделікті жаңадан әзірленеді. Қалдық тамақтар пайдаланылмайды. Барлығы санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай дайындалады.
Мектептің медициналық пунктінің медицина қызметкері асхана қызметкерлерінің медициналық тексеруден уақытылы өтуін бақылайды. Асханада әр аптаның соңғы күні толық тазалық жүргізіледі.