20
сентябрь
2019
Попечительский совет отырысының хаттамасы №3 /2019-2020 оқу жылы/
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі
Попечительский советі отырысының
ХАТТАМАСЫ №2
2019 – 2020 оқу жылы
Попечительский советі отырысының
ХАТТАМАСЫ №2
2019 – 2020 оқу жылы
Күні: 18.09.19
Қатысқандар:
Директордың ТЖ орынбасары – Қ.Ж.Қуанышбаев
Педагог-ұйымдастырушы – Л.Ж.Ирсимбетова
Әлеуметтік-педагог – Б.Ерғожа
Мектепішілік ата-аналар комитеті төрайымы – Ә.Ж.Орынбаева
Қамқошылық кеңес мүшелері:
1.Шлембаева Бибигуль – төрайым, директор ТОО "САБР Корпореэйшн"
2.Ақшолақов Қанат – ИП "Құрылыс" бас маман
3.Молдабаева Айжан – ГККП "Жетісу"ПФКК бас есепші
4.Молдаханова Динара – ИП "Диас" әкімшілік
5.Тасболатова Бақытгүл – бала күтімінде
6.Қараконисов Еркебұлан - "Национальный банк" төраға орынбасары
7.Қалиева Райхан – жеке кәсіпкер, кафе "LOVE"
8.Қасымбекова Роза – жеке кәсіпкер, "Фазенда"
9.Ибраева Майгүл – Облыстық спорт бөлімі бас маман
Күн тәртібінде:
1.Жалпыреспубликалық «Мектепке жол-2019» акциясының қорытындысы
2.Оқушылардың сабаққа қатысуы
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қайыржан Жұмабекұлы сөз бастап, осы игі шараға белсенді қатысқан Попечительский советінің мүшелеріне өз алғысын білдіріп, сөзді кеңес төрайымы Б.Шлембаеваға ұсынды. Бибигуль Тулегенқызы сөз алып, Жалпыреспубликалық акция аясында мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында мектепте „Жүректен жүрекке" ұранымен айлық өткізілді. «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдаманы басшылыққа ала отырып, сыныптар бойынша оқушылардың әлеуметтік жағдайы анықталып, отбасының тұрмыстық бақылау актілері толтырылды. «Мектепке жол-2019» акциясы аясында 45 оқушыға 538 200 теңге көлемінде көмек көрсетілді Мектеп асханасынан және әлеуметтік жағдайы төмен отбасына бөлінген қаражаттан тамақтанатын оқушылары анықталып бүгінгі күні қор есебінен 91 оқушы, ал мектеп асханасы тарапынан 50 оқушы тамақтануда.
Келесі мәселе, ол оқушылардың сабаққа қатысуы, осы орайда педагог-ұйымдастырушы Лаура Жанболатқызы сөз алып, осы жағдайға байланысты біршама деректер келтірді. Өз сөзінде денсаулығына байланысты себеппен сабақтан қалған оқушылардың анықтамалары алынып, тіркеліп отырды. Алайда себепсіз сабақтан қалған оқушылар да кездесіп жатты, олар: Толымбек Мадина 5а сыныбы, Аитова Ұлтуар мен Тулевханов Ернар – 8в сынып оқушылары және Балбырова Ханша 11ә сынып оқушысы. Осы аталған оқушылармен мектеп әкімшілігі мен мектеп инспекторы Гүлзира Сәкенова түзету жұмыстарын жүргізді.
Жарыс сөзге кеңес мүшелері шығып өз ойларын ортаға салды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңес мүшелері бір ауыздан ортақ шешім қабылдады.
Шешімі:
1.Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясындағы атқарылған жұмыстар қанағаттанарлық деп танылсын.
2.Оқушылардың сабаққа қатысуында ата-аналардың жауапкершілігі нығайтылсын.
Кеңес төрайымы: Б.Шлембаева
Кеңес хатшысы: Б.Тасболатова