Попечительский совет отырысының хаттамасы №1 /2019-2020 оқу жылы/ » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Попечительский совет отырысының хаттамасы №1 /2019-2020 оқу жылы/
17
август
2019

Попечительский совет отырысының хаттамасы №1 /2019-2020 оқу жылы/

Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі
Попечительский советі отырысының
ХАТТАМАСЫ №1
2019 – 2020 оқу жылы

Күні: 15.08.19
Қатысқандар:
Директордың ТЖ орынбасары – Г.Т.Әлиасқарова
Мектепішілік ата-аналар комитеті төрайымы – Ә.Ж.Орынбаева
Қамқошылық кеңес мүшелері:
1.Шлембаева Бибигуль – төрайым, директор ТОО "САБР Корпореэйшн"
2.Ақшолақов Қанат – ИП "Құрылыс" бас маман
3.Молдабаева Айжан – ГККП "Жетісу"ПФКК бас есепші
4.Молдаханова Динара – ИП "Диас" әкімшілік
5.Тасболатова Бақытгүл – бала күтімінде
6.Қараконисов Еркебұлан - "Национальный банк" төраға орынбасары
7.Қалиева Райхан – жеке кәсіпкер, кафе "LOVE"
8.Қасымбекова Роза – жеке кәсіпкер, "Фазенда"
9.Ибраева Майгүл – Облыстық спорт бөлімі бас маман

Күн тәртібінде:
1.Жалпыреспубликалық «Мектепке жол-2019» акциясы туралы
2.2019 – 2020 оқу жылында атқарылатын жұмыстар туралы

     Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлзира Тоқтарбекқызы сөз бастап, Президентіміз Қ.Тоқаев осы жылғы дәстүрге айналған жалпыреспубликалық «Мекепке жол» акциясы мерзімі 1 айға ерте басталғаның айтты, яғни 2019 жылдың 5 шілде мен 30 қыркүйек күндері аралығында Республика бойынша «Мектепке жол» акциясы бастау алып кеткенің айтып кетті.
Осы орайда Попечительский советтің төрайымы Бибигуль Шлембаева сөз алып, 5 шілдеден бастап "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өтіп жатқанын айтып, мектеп жасындағы көмекке мұқтаж балалардың барлығының мектепте оқуын қамтамасыз етуге күш салып көмек ұйымдастыруымыз керек екенін баса жеткізді. Қазіргі уақытта мектепте арнайы тізімдер жасақталып жатыр. «Неше балаға көмек қажат, неше бала ыстық тамақпен қамтылады және неше бала лагерьге барады» деген сияқты әрбір мектептің өзіндік тізімі болады. Сол сияқты осы акцияға қатысатын балалардың тізімі де мектеп тарапынан жасалады. Бұл тізімнен әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары қалып қоймайды. Өйткені мектептің қамқоршылық кеңесі осыған өз үлесін қосуы керек. Материалды және қаржылай көмек көрсетуге дайын демеуші азаматтарды тартуымыз қажет екенің айтты.
     Екінші мәселе, Б.Шлембаева 2019 – 2020 оқу жылында атқарылатын жұмыстарға тоқталды, Попечительский советтің мақсаттары - мектепке қолдау көрсету. Атап айтқанда, оның жарғылық функцияларының іске асырылуына, қаржылық қолдауды қамтамасыздандыруда, материалдық-техникалық базасының нығаюына септесу, сондай-ақ, оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу. Попечительский советі мектептің әлеуметтік-мәдени, сауықтыру, дамыту бағыттарындағы іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушыларға көмек көрсету. Білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу. Мектептегі медициналық көмек пен ыстық тағамның сапасына мониторинг жүргізу. Өмірдің қиын жағдайна тап болған балаларға көмек көрсету. Түрлі деңгейдегі білім, өнер және спорттық жарыстарда жетістікке жеткен оқушыларды ынталандыру. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры», «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат», «Саламатты Қазақстан», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда көмек көрсету, белсенді түрде атсалысу көзделіп отыр.
Жарыс сөзге кеңес мүшелері шығып өз ойларын ортаға салды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңес мүшелері бір ауыздан ортақ шешім қабылдады.

Шешімі:
1.Әлеуметтік жағдайы төмен, тұрмысы қолайсыз отбасынан шыққан балаларға және көмекті аса қажет ететін оқушыларға көмек көрсетуге демеуші азаматтарды тарту.
2. 2019 – 2020 оқу жылында атқарылатын жұмыс жоспары қанағаттанарлық деп танылсын.



Кеңес төрайымы: Б.Шлембаева

Кеңес хатшысы: Б.Тасболатова