Попечительский совет отырысының хаттамасы №5 /2018-2019 оқу жылы/ » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Попечительский совет отырысының хаттамасы №5 /2018-2019 оқу жылы/
19
май
2019

Попечительский совет отырысының хаттамасы №5 /2018-2019 оқу жылы/

Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі
Попечительский советі отырысының
ХАТТАМАСЫ №5


Күні: 17.05.19
Қатысқандар:
Мектеп директоры – Ш.М.Құдайбергенов
Директордың ТЖ орынбасары – Г.Т.Әлиасқарова
Мектепішілік ата-аналар комитеті төрайымы – Ә.Ж.Орынбаева
Қамқошылық кеңес мүшелері:
1. Шлембаева Бибигуль – төрайым, директор ТОО "САБР Корпореэйшн"
2. Ақшолақов Қанат – ИП "Құрылыс" бас маман
3. Молдабаева Айжан – ГККП "Жетісу"ПФКК бас есепші
4. Молдаханова Динара – ИП "Диас" әкімшілік
5. Тасболатова Бақытгүл – бала күтімінде
6. Қараконисов Еркебұлан - "Национальный банк" төраға орынбасары
7. Қалиева Райхан – жеке кәсіпкер, кафе "LOVE"
8. Қасымбекова Роза – жеке кәсіпкер, "Фазенда"
9. Ибраева Майгүл – Облыстық спорт бөлімі бас маман

Күн тәртібінде:
1. 2018-2019 оқу жылындағы қамқоршылық кеңестің жұмысы туралы
Баяндамашы Шлембаева Бибигуль – кеңес төрайымы
2. 2019 – 2020 оқу жылында мектеп оқушыларының бірыңғай мектеп формасын сақтау туралы

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Ш.М.Құдайбергенов сөз бастап, бүгінгі күні мектептегі қамқоршылық кеңесінің жұмысы маңызды екенің айтып кетті. Оның мектептің дамуындағы ролі ерекше орын алатыныижайлы кеңінен түсіндіріп өтті.
Мектепішілік Қамқошылық кеңестің төрайымы Б.Шлембаева сөз алып 2018 – 2019 оқу жылындағы қамқоршылық кеңестің жұмысы туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде, Талдықорған қаласы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің қамқоршылық кеңесі 15.02.2018 жылы құрылды. Алайда жеке заңды тұлға ретінде есеп шот жоқ. Құрамында 9 адам әртүрлі маман иелері мен кіші бизнес өкілдері бар. Попечительский советінің төрайымы Шлембаева Бибигул Тулегеновна . Құрылған күннен бастап мектептің қоғамдық –әлеуметтік өміріне белсене қатысуда. Әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларына құзіретті органдарға құжаттар жинап өткізуге, статустарын анықтауға қамқоршылық кеңес мүшесі юрист берілді.
«Мектепке жол» 2018-2019 оқу жылында 445000 мын тенгеге 39 оқушыға көмек көрсетілсе, «Қамқорлық» акция кезінде 29 оқушыға 225000 тенге көлемінде қажеттілігіне қарай оқу құралдары, киім кешектер, азық-түліктермен көмектер ұйымдастырылды. Білім алушыларды есепке алу және олардың қозғалысы жөніндегі тиісті құжатты жүргізу және оқытуды тоқтатқан немесе оқудан жалтарған балаларды болдырмауда рейдтік жұмыстарды мұғалімдер мен бірлесе жүргізіп көмек бекеті жүзеге асты. Балалар қауіпсіздігі бойынша ата-аналармен «Үй-мектеп-үй» жол сызбасы жеке смартфондарға ақпарат ретінде орнату жобасы жасалуда.
Дарынды және белсенді оқушыларды қолдап олардың республика көлемінде әртүрлі байқауларға қатысуына ықпал етіп демеушілік көрсетіп отырады. Оқу озаты, көпбалалы отбасынан 8 сынып оқушысы Рахимбекова Диана «Тұңғыш Президент» күні мерекесі қарсаңында Астана қаласына танымдық саяхатқа барып қайтты. Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласындағы "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасының "Өлкетану" бағыты бойынша, ҚР Тәуелсіздік күніне орай біздің мектептен көпбалалы отбасы Рахимбек Асылзатқа Қаскелен, Жамбыл аудандарында орналасқан тарихи мұражайларға бір күндік танымдық саяхатқа барып келуіне демеушілік көрсетті. Сондай-ақ 7 сынып оқушысы Кеңес Мансұрдың регбиден республикалық турнирге қатысуға жол ақысына көмек көрсетілді. 8а сынып оқушысы Құдайберген Зереге Қапшағай қаласындағы «Балдаурен» сауықтыру орталығына барып келуіне, яғни жол ақысына көмек көрсетілді. 8ә сынып оқушысы Меңіс Жұлдызға Сочи қаласына өнер байқауына қатысуға, жол ақысына көмек көрсетілді.
Оқу жылының қорытындысы бойынша КҒА, Дарын, олимпиада жеңімпаздарын ынталандыру мақсатында қамқоршылық кеңесі төрайымы қолынан мақтау грамоталары мен бағалы сыйлыққа ие болды.
Мектептің кешенді –даму жоспарын құрып жүзеге асыруда, ауласын аббаттандыруға қатысып өз үлестерін қосуда, аулаға Наурыз мерекесіне орай 6 шырша ағашы отырылғызылды. Қаламыздағы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен мектепте профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды.
Баланы мектепке қабылдау, мектеп бітіру кеші мәселелері бойынша ата-аналарға электронды жүйе бойынша түсіндіру –ақпараттық алаң ұйымдастырылды.
Алдағы уақытта осы қамқоршылық кеңесін заңды тұлға ретінде тіркеу және мемлекеттік емес ұйымдармен қарым-қатынасты нығайту жоспарланып отыр.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сөз алып, алдағы 2019 – 2020 оқу жылында мектеп оқушыларының бірыңғай мектеп формасын сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қ.Р. Білім және Ғылым министрінің 14 ақпан 2016 жылғы №26 және 4 сәуір 2016 жылғы №248 бұйрығы, яғни «жалпы білім беретін мекемеге» мектеп формасын кию туралы талаптарымен таныстырды. 2. Мектептің 1-11 сынып оқушыларының формасы төмендегідей бекітілсін:
- Ұлдардың мектеп формасы: жоғарғы жағы қою көк түсті жилет, кеудесінде аталмыш мектептің эмблемасы бар, күнделікті ақ түсті жейде, төменгі жағы қою көк түсті классикалық шалбар.
- Қыздардың мектеп формасы: жоғарғы жағы қою көк түсті жилет, кеудесінде аталмыш мектептің эмблемасы бар, күнделікті ақ түсті кофта, төменгі жағы қою көк түсті классикалық юбка.
- 10-11 сынып оқушылары Алғашқы әскери даярлық сабағына арнайы әскери формамен келулері талап етілсін.
- 1-11 сынып оқушылары дене шынықтыру сабағына арнайы спорттық киіммен және спорттық аяқ киіммен келулері талап етілсін.
- Мектеп қабырғасында оқушылардың түрлі діни конфессияларға қатысты киім киіп келуге және діни атрибутикалар қосуға қатаң түрде тыйым салынсын.
Егер жоғарыдағы айтылған талаптарды орындалмаған жағдайда:
Ата – аналар құқықты жауапкершілікке тартылады, аудандық білім және ішкі саясат бөлімшесіне хабарлайды.
Екі жұмыс күннің ішінде талаптар орындалмаса, онда құқық қорғау мекемелері және психологиялық қызмет көрсету орталығы сол ата – аналармен жұмыс жүргізілгендігін
ата – аналар мектеп талабын және формасы туралы талаптарды орындамаған жағдайда аудандық, облыстық құқық қорғау мекемелеріне жауапқа тартылатындығы туралы тағы да ескертті.

Шешімі:
1. Қ.Р. Білім және Ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 ақпандағы №26 және 2016 ж. 4 сәуірдегі №248 бұйрығына сәйкес бекітілген мектеп формасының стандартқа сай сақталуын қадағалансын.
2. Жалпы білім беретін мекемелердегі мектеп формасының талаптарының орындалуы әрбір сынып жетекшісінен және ата – аналардан талап етілсін.
3. Мектепке хиджаб, никаб, орамал т.б. киіп келуге және діни атрибутикалық заттарды тағуға тыйым салынатының қадағалау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Т.Әлиасқароваға тапсырылсын.


Кеңес төрайымы: Б.Шлембаева

Кеңес хатшысы: Б.Тасболатова