18
декабрь
2020
«Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпағына аманат»
2020 жылдың 4 мен 15 желтоқсан күндері аралығында мектебімізде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпағына аманат» атты онкүндік өткізілді. Барлық сыныптарда тақырыпқа сай тәрбие сағаттары жүргізіліп, жас ерекшеліктеріне қарай «Менің отаным -Тәуелсіз Қазақстан», «Елдіктің бастауы», «Жаңғыру жолы», «Ұйымдасқан ұтады» фильмдері көрсетілді. Кітапханада «Тәуелсіздік тірегіміз» атты көрме ұйымдастырылып, видео арқылы библиографиялық шолу көрсетілді. Оқушылар арасында «Тәуелсіздік жыр әнім» - тақырыптық ән айту және өлең оқу эстафетасы жүргізіліп, «Тәуелсіздік тұғырым» тақырбында сурет салынды. 5 сынып оқушылары қашықтықтан «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданып, салтанатты түрде ант берді. Жас педагог мамандарымыз қалалық білім бөлімі ұйымдастырған видео челленджге қатысты. 10 сыныптар арасында «Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» атты зияткерлік сайыс өткізілді. Сондай-ақ осы онкүндік аясында ҚР Ұлттық мұражайына онлайн саяхат ұйымдастырылды.