13
декабрь
2019
«Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік»
2019 жылдың 09-13 желтоқсан күндері аралығында мектебімізде ҚР Тәуелсіздігі күнін мерекелеуге орай «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік» ұранымен апталық өткізілді. Апталық аясында мектеп кітапханасында "Тәуелсіздік тірегіміз!" атты көрме ұйымдастырылса, «Зайырлы мемлекетіміздің рухани тірегі – білімді ұрпақ» ұранымен тарих пәні апталығы өткізілді. Бастауыш сыныптарда «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» сынып сағаттары, 5-7 сыныптарда «Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпақтарына аманат» тақырыптарында тәрбие сағаттары, 8-9 сыныптарда «Қазақстан әлемдік аренада» тақырыбында семинар сағаттары өткізілді. 10-11 сыныптарда «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында конференция өткізілді. Сондай-ақ 5-6 сыныптар арасында "Тәуелсіз елім" атты тапқырлар сайысы ұйымдастырылып, жеңімпаздары анықталды. 2 сыныптардың ұйымдастыруымен «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік» атты салтанатты жиын өткізілді. Аталмыш жиында бірқатар ұстаздар мен жұмысшылар арнайы марапаттарға ие болды. Мероприятиедың басты мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.