02
декабрь
2020
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты апталық өткізілді
2020 жылдың 23 мен 30 қараша күндері аралығында мектебімізде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты апталық өткізілді. Барлық сыныптарда тақырыпқа сай тәрбие сағаттары жүргізіліп, жас ерекшеліктеріне қарай «Болашаққа бастар жол», «Парасатты шешім», «Сын сағат», «Қазақстанның ядросыз мемлекетке айналуындағы Елбасы ролі» фильмдері көрсетілді. Кітапханада «Елбасы – кеменгер көшбасшы!» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, видео ролик арқылы библиографиялық шолу көрсетілді. Сонымен қатар «Менің Тұңғыш Президентім» ұранымен бейнеролик жолдау эстафетасы мен «Елбасы мұрасы», «Елбасы және спорт» тақырыптарында сурет салу байқауы өткізілді.