07
ноябрь
2017
«Ұлтына ұл болу - ұлылық»
Бүгін, яғни 07.11.17 күні мектебімізде «Бір ел, бір кітап» акциясы аясында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Ұлтына ұл болу - ұлылық» тақырыбында әдеби-танымдық шара өткізілді. Мақсаты: - білім алушылар арасында ақынның шығармашылығын насихаттау; - «Рухани Жаңғыру: Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы құндылықтарын дарыту. Қатысқандар: 11 сынып оқушылары, мұғалімдер, сынып жетекшілер. Барлығы – 50 адам. Ұйымдастырғандар: 11 сынып жетекшісі Ғалия Рыскелдина мен мектеп кітапханашысы Мәриям Ботаева.