07
ноябрь
2017
"Саламатты Қазақстан - салауатты ұрпақ!"
Бүгін, яғни 07.11.2017 күні "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы негізінде Әлеуметтік-медициналық бейімдеу орталығының нарколог-дәрігері Болат Нұрдәулетовтың қатысуымен 9 сыныптар арасында кездесу өткізілді. Мақсаты: Жасөспірімдер арасында зиянды әдеттерді алдын-алу, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау. Директордың ТІ жөніндегі орынбасары Г.Т.Әлиасқарова қонақты оқушылармен таныстырып, ойландырған мәселелер бойынша ойларын еркін айтуға болатынын атты. Нарколог-дәрігер Б.Нұрдәулетов оқушыларға маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлық, насбайдың зияны туралы слайд көрсетіп, зиянды әдеттерден аулақ болу қажет екенін, денсаулыққа қаншалықты зиян келтіретіндігін, әлеуметтік-медициналық бейімдеу орталығынан көмек сұрап келіп, емделуге болатынын айтты.