21
октябрь
2017
Әдістемелік күн
Ағымдағы жылдың 21 қазан күні кезекті әдістемелік күні өткізілді. Мақсаты: Жаңа білім беру жүйесі мазмұны бойынша мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін үздіксіз дамыту болып табылады. Осы күні мектебіміздің деңгейлік курсын бітірген мұғалімдер коучингтар, семинар-тренингтер өткізді. Орыс тілі пәнінің мұғалімі С.Ә.Дәуренбекова "Оқушыларды ары қарай дамытуда бағыттары мен басымдықтарын анықтау үшін жеке тұлғаның құндылықтары мен көзқарастарын нақтылау" тақырыбында коучинг, д/ш пәнінің мұғалімі Қ.Ж.Қуанышбаев "Жаңаша оқытуда жаңаша қарым-қатынас" тақырыбында семинар-тренинг, информатика пәнінің мұғалімдері Б.Т.Дүзгенбаева "Тиімді оқыту және оқу тәсілдері" тақырыбында коучинг, Ә.Ә.Қалиева "Обратная связь пен рефлексия алға бастаудың қарапайым құралы" тақырыбында коучинг және қазақ тілі пәнінің мұғалімі Р.Р.Құрманғалиева "Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында рефлексиялау, кері байланыс берудің әдіс-тәсілдері" тақырыбында семинар-тренинг өткізді.