Наши достижения » Страница 15 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
Республикалық "Алтын Сақа" математикалық олимпиадада ІІ орын!
20
май
2023
Республикалық "Алтын Сақа" математикалық олимпиадада ІІ орын!
Мектебіміздің 5а сынып оқушысы Ақыл Дарын республикалық "Алтын Сақа" математикалық олимпиадада ІІ орынға ие болды! Жетекшісі Ә.Сванкулова. Құттықтаймыз!  
“Жетісу дарыны” орталығының Алғыс хатымен марапатталдық
18
май
2023
“Жетісу дарыны” орталығының Алғыс хатымен марапатталдық
Облыстық байқауларда жүлдегер шәкірттер дайындағаны үшін Облыстық “Жетісу дарыны” орталығының Алғыс хатымен мектебіміздің мұғалімдері марапатталды. Олар: технология пәнінің мұғалімі Бауыржан Төкенұлы, Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Анел Мұратханқызы, Айдана Бимуханбетқызы, Гүлдана Бейсенбайқызы.  
Абенова Айдана Бимуханбетовна "Білім беру ісінің үздік педагогы" атты төсбелгісімен марапатталды
18
май
2023
Абенова Айдана Бимуханбетовна "Білім беру ісінің үздік педагогы" атты
"BILIM-ORKENIETI" ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ұйымдастыруымен өткізілген "Ана тілім айбыным" атты республикалық байқауына қатысып жеңімпаз атанған Тоқан Ақнұр Бағдатқызы І дәрежелі дипломмен, жетекшісі Абенова Айдана Бимуханбетовна "Білім беру ісінің үздік педагогы" атты төсбелгісімен және куәлікпен марапатталды. Құттықтаймыз!  
Панкратионнан Халықаралық турнирде жеңіс тұғырынан көріндік!
16
май
2023
Панкратионнан Халықаралық турнирде жеңіс тұғырынан көріндік!
Панкратион жекпе-жегінен Алматы қаласында өткен "Saq Pankration Ligasy" халықаралық турнирінде 10б кадет сыныбы оқушысы Айтмұханбет Әбілмансұр І орынға, 10ә сынып оқушысы Әділхан Арсен және 7а сынып оқушысы Ерболұлы Ерсұлтан өз салмақ дәрежелерінде ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!   
"Қоңырөлең" атты поэзия кеші
12
май
2023
"Қоңырөлең" атты поэзия кеші
Мектебіміздің жыр сүйер оқушылары Жетісу облысы "Janr" әдеби клубы ұйымдастырған ақын Гүлбақыт Қасеннің ақшамдағы "Қоңырөлең" атты поэзия кешінде өз өнерлерін көрсетіп, ерекше дарындылықтары үшін облыстық Дипломмен марапатталды. Олар: Данабай Әлібек, Нұрқасым Мубина, Нұрдәулет Ерасыл, Адельбаева Бибинұр. Сондай-ақ жетекшілік еткен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Айкерім Жадрашова Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!
"Абай, Шәкәрім оқулары" байқауында топ жардық!
11
май
2023
"Абай, Шәкәрім оқулары" байқауында топ жардық!
Мектебіміздің оқушылары қалалық "Абай, Шәкәрім оқулары" байқауында топ жарды! Байқау 6 номинация бойынша өткізілді. 1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша 9а сынып оқушысы Данабай Айжан жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі А.Ж.Болысбекова. 2. «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша 7г сынып оқушысы Ноғайбай Досым ІІ орынға ие болды. Жетекшісі А.Д.Садуақасова. 3. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша 9в сынып оқушысы Мұрат Аяулым жүлделі ІІ орын.
Тоғызқұмалақтан төрт жүлде!
08
май
2023
Тоғызқұмалақтан төрт жүлде!
Мектебіміздің оқушылары Тоғызқұмалақтан Талдықорған қаласының іріктеу жарысында жеңіс тұғырынан көрінді! Олар: Тәкенұлы Санат (5в сыныбы) - І орынға; Бектнұр Батыр (3 в сын) - ІІІ орынға; Биқасым Аружан (4а сын) - І орынға және Биқасым Алима (7а сыныбы) - І орынға ие болды. Жетекшісі А.Б.Шеңгелбаев. Құттықтаймыз! 
"Ілияс әлемі" республикалық жастар фестивалі
03
май
2023
"Ілияс әлемі" республикалық жастар фестивалі
Мектебіміздің 9 сынып оқушысы Адельбаева Бибінұр "Ілияс әлемі" республикалық жастар фестиваліне қатысып, сертификатқа ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Айдана Әбенова. Құттықтаймыз!  
"Borli-Tobe Cup" турнирінде
02
май
2023
"Borli-Tobe Cup" турнирінде
Мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шеңгелбаев Айдар Биқасымұлы Алматы қаласында кіші-футболдан өткен "Borli-Tobe Cup" турнирінде +40 жас санаты бойынша ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!  
Республикалық "Жас талант" байқауында жүлделі орындардан көріндік!
26
апрель
2023
Республикалық "Жас талант" байқауында жүлделі орындардан көріндік!
3б сынып оқушысы Русланқызы Амина республикалық "Жас талант" байқауында вокал жанры бойынша І орынға ие болса, 1 сынып оқушысы Құсайын Әлишер вокал жанры бойынша ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!