Наши достижения » Страница 12 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
"Кибер-ұстаз" номинациясымен марапатталды
29
ноябрь
2023
"Кибер-ұстаз" номинациясымен марапатталды
Қалалық "Педагогикалық дебют-2023" байқауында мектебіміздің жас маманы, тарих пәнінің мұғалімі Ахметханов Нұржан Дастанұлы "Кибер-ұстаз" номинациясымен марапатталды. Құттықтаймыз!  
"Балауса" қыздар ұйымының кезекті іс-шарасы
24
ноябрь
2023
"Балауса" қыздар ұйымының кезекті іс-шарасы
Біртұтас тәрбие жоспарына сай, "Балауса" қыздар ұйымының ұйымдастыруымен жоғары сынып қыздарымен "Жыныстық тиіспеушілік", "Ерте жастағы жүктілік", "Қатыгездік озбырлығы", "Жеке бас гигиенасы" тақырыптарында ақыл-кеңес сағаты өткізілді. Атамыш шараны өткізгендер мектеп медбикесі А.Қайыпбайқызы, мектеп психологы А.Бекзада және мектеп инспекторы Д.Тұрсынова. ​https://www.instagram.com/p/C0BfotSpu6z/?hl=ru​​​
Тоғызқұмалақтан ІІІ орын!
22
ноябрь
2023
Тоғызқұмалақтан ІІІ орын!
"Ұлттық мектеп лигасы" аясында Тоғызқұмалақтан мектепаралық өткен жарыста мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары ІІІ орынға ие болды. Олар: Думаннұр Баура - 9ә, Күмісбек Әли - 10а, Данабай Айжан - 10а және Арапова Ажар - 11а сыныбы. Жетекшісі А.Б.Шеңгелбаев. Құттықтаймыз!
Нұрай қызымыз І орынға ие болды!
21
ноябрь
2023
Нұрай қызымыз І орынға ие болды!
5г сынып оқушысы Нұрқасым Нұрай Халықаралық "Жұлдыз Арт Қазақстан" байқауында Вокал бойынша І орынға ие болып, шет мемлекеттерде өтетін байқауларға жолдама алды. Құттықтаймыз!  
"Әке - асқар тау" әкелер байқауында номинация!
17
ноябрь
2023
"Әке - асқар тау" әкелер байқауында номинация!
"Dastur-Life" жобасы аясында өткен облыстық "Әке - асқар тау" әкелер байқауында мектебіміздің ата-анасы, 6ә сынып оқушысы Мұхамеджан Аяулымның әкесі Нұрбаев Руслан Мұхамеджанұлы ынталандыру номинациясымен марапатталып, қаржылай сыйлыққа ие болды. Құттықтаймыз!  
“Қазақстан жарық жұлдыздары”
15
ноябрь
2023
“Қазақстан жарық жұлдыздары”
Мектебіміздің 5в сынып оқушысы Дүйсен Сезім Республикалық дарынды оқушыларға арналған “Қазақстан жарық жұлдыздары” балалар топтамасына қабілеттілігімен, дарындылығымен, алғырлығымен ерекшеленіп, ең үздік оқушылар қатарына енгені үшін сертификатпен марапатталып, кітапқа жарияланды. Құттықтаймыз!  
Қазақстан Республикасының чемпионатында ІІ орын!
07
ноябрь
2023
Қазақстан Республикасының чемпионатында ІІ орын!
Мектебіміздің 11ә сынып оқушысы Ерболқызы Жанбота Грэпплинг-AIGA күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Бір айда үш жеңіс!
06
ноябрь
2023
Бір айда үш жеңіс!
Мектебіміздің 8ә сынып оқушысы Хамзина Рауза қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионатында І орын. Дзюдо күресінен облыстық жарыста І орын. Жекпе-жек сайысынан қалалық ашық турнирде І орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Әлем чемпионатының күміс медаль иегері атанды!
04
ноябрь
2023
Әлем чемпионатының күміс медаль иегері атанды!
3б сынып оқушысы Арсенұлы Әмірхан джиу-джитсудан Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды! Құттықтаймыз!  
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ пен ДОЙБЫДАН жетістік!
01
ноябрь
2023
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ пен ДОЙБЫДАН жетістік!
Мектебіміздің ұстаздар командасы Жергілікті кәсіптік одағының ұйымдастыруымен мектеп қызметкерлері арасында ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ пен ДОЙБЫДАН өткен жарыста жеңіс тұғыран көрінді! Тоғызқұмалақ бойынша: Шеңгелбаев Айдар, Несіпбекова Мадина, Базылжанов Айбек Дойбы ойыны бойынша: Базылжанов Айбек, Оспанова Дана және Ермухамбетов Қайрат. Құттықтаймыз!