"Мен елімді сүйемін!" атты патриоттық әндер байқауы өткізілді
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында мектебімізде үстіміздегі жылдың 1 наурыз күні "Мен елімді сүйемін!" атты патриоттық әндер байқауы өткізілді. Мақсаты - өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, өнер әлеміндегі жаңа есімдерді анықтау. Дүбірлі додаға 5-8 сынып аралығындағы өнерлі оқушыларымыз қатысып, бақ сынасты. Үлкен дайындықпен келгенін көрсеткен қатысушылар талап бойынша жанды дауыста патриоттық әндер шырқады. Нәтижесінде "Бас жүлдені" 6а сынып оқушысы Ерхан Шыңғысхан жеңіп