О нас » Страница 26 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
Волейбол жарысында І орын!!!
22
ноябрь
2021
Волейбол жарысында І орын!!!
2021 жылдың 20 қараша күні Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің және №2 орта мектеп ұжымының ұйымдастыруымен, аталмыш мектеп базасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы мен 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай волейболдан қалалық мектеп мұғалімдері арасында Талдықорған қаласының турнирі өтті. Аталмыш жарыста мектебіміздің ер мұғалімдері І орынға ие болды. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қалалық дене шынықтыру
8в сынып оқушысы Сарби Меруерт үздік білім алушы ретінде танылды
17
ноябрь
2021
8в сынып оқушысы Сарби Меруерт үздік білім алушы ретінде танылды
Мектебіміздің 8в сынып оқушысы Сарби Меруерт үздік білім алушы ретінде танылып Республикалық "21 ғасыр көшбасшысы" кітабына шықты! Меруерт Республикалық медаль мен сертификатқа ие болса, ата-анасы Алғыс хатқа ие болды! Бүгінгі күні мектебіміздің директоры Шалқар Мелісұлы салтанатты түрде марапаттап, жылы лебізін білдірді. Ұстаздарымыздың еңбегі жана берсін! Құттықтаймыз!
"Вакцина алу - іңдетті жеңудің жалғыз жолы"
16
ноябрь
2021
"Вакцина алу - іңдетті жеңудің жалғыз жолы"
16.11.2021 күні Алматы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы, Талдықорған қалалық емханасының эпидемиолог-дәрігері Смайлова Айгүл Мусагуловна мектебіміздің ата-аналарымен Зуум платформасы арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 1. "Вирустан қалай сақтанамыз!" және 2. "Вакцина алу - іңдетті жеңудің жалғыз жолы" тақырыбында кең ауқымды түсіңдіріп, кеңестер берді. Covid-19-ға қарсы америкалық «Pfizer» вакцинасы туралы мәлімет беріп, балаларға қауіпті індеттен сақтану
"Ұстазым, менің ұстазым!" атты байқауда 1 орын!
22
октябрь
2021
"Ұстазым, менің ұстазым!" атты байқауда 1 орын!
"Ұстазым, менің ұстазым!" атты республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқауда 1 сынып оқушылары І орынға ие болды. Олар, Болатұлы Жангелді мен Арсенұлы Әмірхан. Ал сынып жетекшісі Сания Ақпаева Алғыс хатқа ие болды. Құттықтаймыз!
«Педагогтердің IT құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру» тақырыбында тәжірибе алаңы ұйымдастырылды
22
октябрь
2021
«Педагогтердің IT құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру»
«Тәлімгерлік тәжірибеде» жобасы аясында Талдықорған қаласының орта мектептерінің жас мамандары үшін «Педагогтердің IT құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру» тақырыбында тәжірибе алаңы ұйымдастырылды. Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің білікті ұстаздары өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда: 1. «Күнделік kz» мүмкіндіктері. Тілеубек Серікбол Тілеубекұлы, информатика пәнінің мұғалімі, информатика магистрі. 2. «Онлайн мектеп» платформасының тиімділігі. Курманбаева Айдана
Мектеп директоры Құрмет төсбелгісімен марапатталды!
19
октябрь
2021
Мектеп директоры Құрмет төсбелгісімен марапатталды!
Мектебіміздің директоры Құдайбергенов Шалқар Мелісұлы жергілікті кәсіподақтың төрайымы Ксталасова Құралай Жағыпарқызының қолынан Қазақстан Еңбек Конфедерациясының "Еңбек адамының мүддесін қорғаудағы зор үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды. Құттықтаймыз! Мектеп-лицей ұжымы Сізге қажымас қайрат және қызметіңізге табыс тілейді!
"Дарын" байқауында толағай табыс!!!
17
октябрь
2021
"Дарын" байқауында толағай табыс!!!
Республикалық «Дарын» байқауының қалалық І-кезеңі 8-қазан күні өткізілді. Байқауға барлығы 13 секция бойынша қатысқан 13 оқушының 11-і жүлделі орындар алды. Олар: 1. Өмірхан Сәбина, 10сынып оқушысы, І-орын,информатика, пән мұғалімдері Ә.Қалива, Б.Дүзгенбаева. 2. Нұргазинова Дильназ, 9сынып оқушысы, І-орын, химия, пән мұғалімі Ғ.Кампитова. 3. Ариланова Аида, 9 сынып оқушысы, ІІ-орын, физика, пән мұғалімі А.Тұрысбекова. 4. Жақсылық Әбілмәнсұр, 8сынып оқушысы, ІІ-орын, география, пән мұғалімі
"Алтын сақа" олимпиадасында жүлдегер атанды...
14
октябрь
2021
"Алтын сақа" олимпиадасында жүлдегер атанды...
Мектебімізде "Зерделі" ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен "Алтын сақа" олимпиадасы өткізілді. Жеңімпаздарды мектеп директоры Шалқар Мелісұлы марапаттады. 6 сыныптар бойынша Жарасқызы Кәусәр, Рахымжан Бибарыс, Мергенбай Иманғали, 5 сыныптар бойынша Амангелді Гауһар, Айқынқызы Адал және Берік Арсен. Құттықтаймыз!
«Білім беру ұйымының үздік жоспары – 2021» байқауында ІІІ орын!
11
октябрь
2021
«Білім беру ұйымының үздік жоспары – 2021» байқауында ІІІ орын!
«Талдықорған қаласы білім бөлімі» ұйымдастырған, қала мектептері арасында өткен «Білім беру ұйымының үздік жоспары – 2021» байқауында мектеп басшысы Шалқар Мелісұлы бастаған командамыз екінші мәрте жүлделі IІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жеңістен жеңіске жете берейік!