14
декабрь
2021
Анар әлем чемпионы!!!
Мектебіміздің 10 сынып оқушысы Ақан Анар грэпплинг күресінен Мәскеу қаласында өткен Әлем чемпионатында жеңімпаз атанды! Грэпплинг No-Gi бағыты бойынша І орынға ие болса, Грэпплинг Gi бағыты бойынша ІІІ орынға ие болды. Бүгінгі күні мектеп болып, сынып жетекшісі мен сыныптастары және мектеп әкімшілігі Ақан Анарды салтанатты түрде қарсы алды. Мектеп директоры Шалқар Мелісұлы чемпионымызды қабылдап, өз құттықтауын білдірді. Алға Қазақстан!!!








