Курсанттар оқушылармен кездесті
Мектебімізде тұңғыш ашылған кадет сыныбының 2024 жылғы түлектері, қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1 курс курсанты курс старшинасы, азаматтық қорғау кіші сержанты Айтмұхамбет Әбілмансұр Әсетұлы мен ҚР ІІ министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 1 курс курсанты взвод командирі, азаматтық қорғау кіші сержанты Әділхан Әділет Нұрланұлы мектебіміздің кадет сыныбы оқушыларымен кездесіп, кәсіптік бағдар берді.