Құрметті ата-аналар! » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
17
июнь
2025

Құрметті ата-аналар!


Жазғы демалыс кезінде көптеген жасөспірімдер қосымша жұмыс табуға ұмтылады - біреуі өз бастамасымен, біреуі ересектердің өтініші бойынша. Алайда кәмелетке толмағандардың еңбек қызметі қатаң заңнама шеңберінде жүзеге асырылуы және олардың денсаулығына, оқуына және дамуына зиян келтірмеуі тиіс екенін есте сақтау маңызды.
ҚР Еңбек кодексінің 69-бабына сәйкес:
-14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер аптасына 24 сағаттан артық жұмыс істемеуі тиіс;
-16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін бұл шектеу — аптасына 36 сағаттан аспауы қажет.
Кәмелетке толмаған жаспен еңбек шарты жасалғанда ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі міндетті түрде қажет.
Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес кәмелетке толмағандарды келесідей жұмыстарға тартуға тыйым салынады:
– түнгі уақыттағы жұмыс (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін),
– үстеме жұмыс,
– вахталық әдіспен жұмыс істеу,
– қоса атқарылатын жұмыс
– жұмыс уақытының жиынтық есебімен жүргізілетін еңбек.
«Әрбір бала қанаудан аулақ болу және денсаулығын сақтау үшін өз құқықтарын білуі маңызды. Сондай-ақ, олардың заңды құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету — ересектердің міндеті. Балалар еңбегін заңсыз пайдалану елеулі құқық бұзушылық болып табылады. Ал жұмыс берушілер тіпті әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.
Балаларды еңбек қызметінің тыйым салынған түрлеріне тарту фактілері анықталған жағдайда бұл туралы еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторға, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне немесе 111 бірыңғай байланыс орталығына дереу хабарлауды сұраймыз.

Похожие публикации:

10 январь 2023 ВАКАНСИЯ
17 декабрь 2022 ВАКАНСИЯ
23 август 2022 ВАКАНСИЯ