"Қазақ күресі - Ұлы дала спорты" » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
27
февраль
2021

"Қазақ күресі - Ұлы дала спорты"

2021 жылдың 25 ақпан күні Қажымұқан Мұнайтпасұлының 150 жылдығына арналған 9а,ә сыныптарымен және 7а, 8б кадет сыныптарымен "Қазақ күресі - Ұлы дала спорты" тақырыбында танымдық пікір-сайыс сағаты өткізілді. 9 сыныптарда офлайн түрде өткізілсе, 7-8 кадет сыныптары оқушыларымен онлайн форматта өткізілді. Шара барысында қазақ күресінің тарихы мен ерекшеліктері және күрес майталмандары жайында таныстырылды. Сонымен қатар тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен балуанымыз Қажымұқан бабамыздың өмірінен сыр шертілді. Қатысушыларға сұрақтар қойылып, білімпаздары анықталды. Аталмыш шарада 9ә сынып оқушысы Марат Айша "Ең жан-жақты білімпаз" атағына ие болды. Сондай-ақ белсенділік танытқан 9 сыныптардан Дәулеткелді Нұрәділ мен Құсайынов Рамазанды, ал кадет сыныптарынан Бекқожина Диляра, Нұрқан Аружан, Абеу Дильнара, Айқынбек Абылай, Рахатұлы Олжасты атап кетуге болады.