28
ноябрь
2020
«Балалар мен жасөспірімдер арасындағы жыныстық тәрбие»
2020 жылдың 27 қараша күні мектебімізде педагог-ұйымдастырушы Л.Ирсимбетова, мектеп психологтары А.Нұғыманова мен Д.Көкежанова және мектеп инспекторы М.Қозілиястың ұйымдастыруымен қыздар арасында «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы жыныстық тәрбие» тақырыбында онлайн жиналыс өткізілді. Аталмыш вебинарға 7-11 сыныптың қыздары қатысты. Шара барысында ерте жастан жүктілік туралы мағлұматтар айтылып, денсаулыққа кері әсері жайында мәліметтер берілді. Сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмаған қыздарға қатысты орын алған зорлық-зомбылық туралы және ондай жағдайдан қалай сақтану керектігі жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ашық сұрақтар қойылып, еркін әңгіме жүргізілді.