Информация » Страница 130 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
Мектебімізде "Жас Ұлан" қатары көбейді
18
декабрь
2020
Мектебімізде "Жас Ұлан" қатары көбейді
2020 жылдың 10 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздік күніне орай мектебіміздің оқушылары Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылданды. "Жас ұлан" - өскелең ұрпақты жоғары рухани - адамгершілік құндылықтар, гуманистік, демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым. Ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз
"Тәуелсіздік - бақыт жолы" атты ән айту челлендж-байқауынан олжалы болдық
14
декабрь
2020
"Тәуелсіздік - бақыт жолы" атты ән айту челлендж-байқауынан олжалы
Мектебіміздің өнерлі оқушылары Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ҚР Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырған "Тәуелсіздік - бақыт жолы" атты ән айту челлендж-байқауына қатысып үздіктер қатарынан көрінді. Сағдатқызы Бүрлен мен Күмісбек Әли Алғыс хатқа ие болса, Ермекбай Елдар ерекше көзге түсіп, Алғыс хат пен сымсыз құлаққапқа ие болды. Құттықтаймыз!
Облыстық «Дарын» байқауында III орын
09
декабрь
2020
Облыстық «Дарын» байқауында III орын
Информатика пәнінен облыстық «Дарын» байқауында III орын алған 9ә сынып оқушысы Марат Айша мен жетекші мұғалімдері Ә.Калиева мен Б.Дүзгенбаеваны қомақты табыстарымен құттықтаймыз!
"Адал еңбектің жарқын бейнесі"
08
декабрь
2020
"Адал еңбектің жарқын бейнесі"
Республикамызда өтіп жатқан "Адал еңбектің жарқын бейнесі" атты сурет салу байқауының мектепішілік кезеңіңде үздік шыққан оқушыларымыз марапатталды. Олар: Абеу Динара - І орын, Қанатбек Аянат - ІІ орын, Әділбек Асанәлі - ІІ орын, Изенбай Иман - ІІІ орын, Нұрбосын Айзере - ІІІ орын, Серік Нұрай - ІІІ орын, Депутат Жанел - ІІІ орын. Құттықтаймыз!!!
«Parasatty otbasy» онлайн байқауында жүлде алдық
08
декабрь
2020
«Parasatty otbasy» онлайн байқауында жүлде алдық
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен облыстық Управления образования бірлесіп ұйымдастырылған «Parasatty otbasy» онлайн байқауына мектебіміздің 10ә сынып оқушысы Серікбек Жібек қатысып, нәтижесінде Серікбектер отбасы ІІІ орынға ие болып, микротолқынды пеш ұтып алды. Құттықтаймыз! [media=https://www.youtube.com/watch?v=Po_fT4hjRTg]
Полицияда қызмет ету абыройлы іс.
07
декабрь
2020
Полицияда қызмет ету абыройлы іс.
2020 жылдың 4 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Алматы облысының білім басқармасымен бірлесе отырып мектеп түлектеріне тікелей эфирде кәсіптік бағдар жүргізді. Шара барысында полиция подполковнигі А.Г.Сасин оқушыларды, ата-аналарды ішкі істер мамандықтары бойынша керекті мәліметтер және ақпараттармен таныстырды. Сонымен қатар Академия бойынша онлайн саяхат жүргізді.
"Елбасы мұрасы" тақырыбында өткен сурет салу байқауының жүлдегерлері анықталды
05
декабрь
2020
"Елбасы мұрасы" тақырыбында өткен сурет салу байқауының жүлдегерлері
ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған сурет салу өнері байқауының жүлдегерлерін құттықтаймыз! "Елбасы мұрасы" тақырыбы бойынша Абеу Динара І орын, Әділбекұлы Олжас ІІ орын және Мырзахан Аружан ІІІ орын. Ал "Елбасы және спорт" тақырыбы бойынша Қожрахмет Ақсая І орын, Данабай Айжан ІІ орын және Депутат Жанел ІІІ орын. Өнерлерің өрге жүзсін!
«Ертеңіңді ойласан есірткіге жолама»
05
декабрь
2020
«Ертеңіңді ойласан есірткіге жолама»
2020 жылдың 4 желтоқсан күні "Денсаулықты ықпал ететін мектептер" жобасы жоспарына сай "Салауатты өмір салтын насихаттау" орталығы мамандары мектебіміздің жоғары сынып оқушыларымен «Ертеңіңді ойласан есірткіге жолама» тақырыбында онлайн дәріс өткізді. Мақсаты: Школьникам адамзат ұрпағына төніп тұрған, ғасыр дертіне айналып отырған нашақорлықтың зардаптарын түсіндіру, зиянды заттардан аулақ болуға шақырып, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
"Педагогикалық дебют-2020" байқауында ІІІ орын!
05
декабрь
2020
"Педагогикалық дебют-2020" байқауында ІІІ орын!
Мектебіміздің жас маманы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тарыбаева Шынар Бейсенбинқызы қалалық "Педагогикалық дебют-2020" байқауына қатысып, ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жас ұстазға алғашқы жеңісінің алдағы алар асуларынның бастауы болсын деген тілек білдіреміз.
"Лучший өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі" байқауында І орын
04
декабрь
2020
"Лучший өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі" байқауында І орын
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Батышева Бақытгүл Темурханқызы қалалық "Лучший өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі" байқауында І орынды жеңіп алды. Танымдық дүниетанымы кең, кәсіби құзыретті, өзіндік жаңашыл идеясы бар әріптесімізді құттықтай отырып, алар асуы биік болсын дегіміз келеді.