27
март
2021
"Ардагерлерді ардақтайық"
"Қайырымды істер марафоны" жалпыұлттық жобасын іске асыру мақсатында 26.03.21 күні 5г сыныбы жетекшісі Нұршекова Айнұр Манапқызының ұйымдастыруымен "Ардагерлерді ардақтайық" атты 5 сынып оқушыларының қатысуымен қаламыздың тұрғыны, бірнеше бата -тілектердің авторы, ардагер Балқыбеков Серікбек ақсақалымызбен тәрбиелік кездесу өткізілді. Кездесу барысында талай істің тамырын басып, талай еңбектің тізгінін ұстаған ардагердің жас ұрпаққа айтар ақыл-кеңесі де аз болған жоқ. Оқушылар ардагердің ғибратты әңгімесін аса қызығушылықпен тыңдады, өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Шара соңында Серікбек ата оқушыларға тілек білдіріп, өзінің ақ батасын берді.
