Абыройымызды асқақтатқан Айдар! » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
26
март
2021

Абыройымызды асқақтатқан Айдар!

"Қазақстан балалары - көктем шақырады" атты мектептің көктемгі каникул жоспарына сай және Қажымұқан Мұнайтпасұлының 150 жылдығына орай 25.03.2021 күні дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Шымырлық пен шеберлік күніне» арналған "Біздің мақтанышымыз!" атты ҚР Спорт шебері, мектебіміздің түлегі Қанжығалы Айдармен Zoom платформасы арқылы онлайн кездесу өткізілді. Шара барысында Айдардың спорттағы жетістіктері мен еңбек жолы туралы бейнеролик көрсетіліп, сұрақ-жауап арқылы оқушылармен жайлы атмосферада әңгіме өрбіді.
Қанжығалы Айдар Сепбосынұлы - ММА, джиу-джитсудан және Ұлттық жекпе-жектен ҚР Спорт шебері. Айдар Сепбосынұлы 14.06.1999 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің 2015 жылғы түлегі. Талдықорған қаласындағы Политехникалық колледжді үздік бітіріп, қазіргі таңда Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясында білімін жалғастыруда.
Жетістіктері: Азербайжан республикасы Баку қаласында өткен Джиу-Джитсу Профи Файт спорт түрінен жасөспірімдер арасында өткен әлем кубогының 1 орын иегері, 2016 ж.
Қырғызтан республикасы Бишкек қаласында өткен Азия чемпионатының 1 орын жеңімпазы, 2018, 2019 жылдар.
Панкратион, греплинг, ММА, джиу-джитсудан және Ұлттық жекпе-жектен Қазақстан Республикасының бірнеше мәрте жеңімпазы.
28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 ойындарының Эстафета алауын алып жүрген жас спортшы.