Информация » Страница 119 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
Тоғызқұмалақтан облыстық жарыста қыздарымыз жүлдегер атанды
19
март
2021
Тоғызқұмалақтан облыстық жарыста қыздарымыз жүлдегер атанды
2021 жылдың 19 наурыз күні Жастар-2 спорт залында «Наурыз» мерекесі аясындағы «Шымырлық пен шеберлік күніне» арналған тоғызқұмалақтан облыстық турнирде мектебіміздің оқушылары, апалы-сіңлілі қыздарымыз, жеңіс тұғырынан көрінді! Биқасым Алима ІІІ орынға ие болса, Биқасым Аружан ІІ орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз! Алар асуларын көп болсын!
"Балаға кәсіби бағдар берудегі ата-аналар рөлі"
18
март
2021
"Балаға кәсіби бағдар берудегі ата-аналар рөлі"
2021 жылдың 16 наурыз күні мектебімізде 9 сыныптардың ата-аналарымен Зуум платформасы арқылы "Балаға кәсіби бағдар берудегі ата-аналар рөлі" тақырыбында пікір алмасу сағаты өтікзілді. Мақсаты: Родителям балалардың мамандық тандауда қолдау көрсетуге мотивация тудыру. Жасөспірімдердің қабілеттілік ерекшеліктерін ескере отырып, мамандық таңдаудағы ата — ана міндеті, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышына қосар үлесі мен жеке тұлғаның әлеуметтік ашық қоғамға бейімделуіне ықпал ету. Вебинар барысында
Асығы алшысынан түссін...
17
март
2021
Асығы алшысынан түссін...
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында Талдықорған қаласының орта мектептерінің 1-4 сынып оқушылары арасында асық ату ойыны өткізілді. Осы жарыста жақсы ойын көрсеткен мектебіміздің 4в сынып оқушысы Рахимбеков Мадияр марапатқа ие болды. Құттықтаймыз!
Шежіре күні аталып өтілді
16
март
2021
Шежіре күні аталып өтілді
Талдықорған қаласының жастары, Алматы облысының ардагерлер кеңесінің мүшелерімен 16 наурыз шежіре күніне орай ата-әжелерімізбен рухани тәрбиелік, мәні зор кездесу өткізілді. Осы кеште мектебіміздің өнерпаз оқушылары ән мен жырдан шашу шашты.
"Жыр алыбы - Жамбыл"
16
март
2021
"Жыр алыбы - Жамбыл"
Талдықорған қаласы әкімдігінің қолдауымен Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала» отандық өнім компаниясының демеушілігімен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай  «Жыр алыбы - Жамбыл»  атты жыраудың жыр шумақтарын мәнерлеп, жатқа оқу   байқауында мектебіміздің 7в сынып оқушысы Смайыл Мархабат марапатқа ие болды. Құттықтаймыз!
Фаиза есімді қызымыз "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығында"
15
март
2021
Фаиза есімді қызымыз "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығында"
Бала бақыты ел бақыты! Кішкентай Фаиза есімді қызымыз "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығында" демалып, оқуын жетілдіруге мүмкіндік алды. Қызымыз барлық іс-шараларға белсене қатысуда.
Әміржан ІІ орынға ие болды!
15
март
2021
Әміржан ІІ орынға ие болды!
Мектебіміздің 8ә сынып оқушысы Ізтілеу Әміржан Капшағай қаласындағы "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығында демалуға мүмкіндік алып, "Өнерлі орта" шығармашылық байқауында ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Анар алтыннан алқа тақты!
13
март
2021
Анар алтыннан алқа тақты!
Мектебіміздің 9в сынып оқушысы Ақан Анар Нұр-Сұлтан қаласында өткен Грэпплинг күресінен Қазақстан Республикасының Кубогында І орынға ие болды. Құттықтаймыз! Алдағы жарыста ел мерейін үстем ететініне сенім білдіреміз!
"Қылмыс пен жаза", "Әлімжеттік жасау - әлсіздік"
10
март
2021
"Қылмыс пен жаза", "Әлімжеттік жасау - әлсіздік"
2021 жылдың 10 наурыз күні жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектептің тәрбие бөлімі мен психологтары және мектеп инспекторы, полиция аға лейтенанты Г.Сәкенованың ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушыларымен "Қылмыс пен жаза", "Әлімжеттік жасау - әлсіздік" тақырыптарында ашық алаң жиналысын өткізді. Аталмыш шараға қалалық полиция департаментінен полиция капитандары Т.Дүзбаев пен Т.Құсайыновалар қатысты. Шара барысында полиция қызметкерлері сөз алып, жастар арасында
Оқушыларымыз қалалық байқауларда жүлдегер атанды.
09
март
2021
Оқушыларымыз қалалық байқауларда жүлдегер атанды.
Мектебіміздің оқушылары, 9а сынып оқушысы Данабай Әлібек қалалық "Мұқағали оқулары" онлайн байқауыны қатысып ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Д.Садуақасова. Сондай-ақ 9а сынып оқушысы Оралбекұлы Оралжан қалалық "Жарқын болашақ" олимпиадасында "Сөз шеберлері" бағыты бойынша ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Епекова. Құттықтаймыз!!!