Адал ұрпақ: "Бағдарымыз - айқын, болашағымыз - жарқын!" » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Адал ұрпақ: "Бағдарымыз - айқын, болашағымыз - жарқын!"
09
декабрь
2021

Адал ұрпақ: "Бағдарымыз - айқын, болашағымыз - жарқын!"

Бүгін, яғни 09.12.2021 күні Талдықорған қаласындағы, Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде мектеп ұстаздары, "Адал ұрпақ" клубы мүшелері мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Бағдарымыз айқын, болашағымыз жарқын» тақырыбында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тренинг ұйымдастырылды. Аталмыш шара 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ортақ саясаттың маңыздылығы тақырыптарына арналды. Қатысқан оқушылар өз ойларын ортаға салып, араларында пікір талас пайда болды, тақырыпқа сай постерлар қорғады. Шара соңында флеш-моб ұйымдастырды.