16
январь
2023
Кезекті ұлттық пікірсайыс турнирінің мектепішілік кезеңі өткізілді
Мектебімізде 13.01.2022 күні «Ризашылық- мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени білім беру жобасы аясында мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың 111 жылдығына орай ұлттық пікірсайыс турнирінің мектепішілік кезеңі өткізілді. Іріктеу турниріне 6 топ қатысты. Жеңген топтар мен үздік спикерлер анықталып, ұлттық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңіне жолдама алды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Қуанышбаев пікірсайыс турнирін ұйымдастырып өткізген дебат тренерлері Н.Ахметханов пен А.Садуакасоваға және мектептің «Жас ұлан» ұйымының мүшелеріне алғыс білдірді. Қалалық пікірсайыста мектеп намысын қорғайтын ойыншыларымызға сәттілік тілейміз!








