18
апрель
2018
"Жұлдызай" байқауының аймақтық іріктеу кезеңі өтті
Мектебімізде үстіміздегі жылдың 18 сәуірінде «Жұлдызай» байқауының облыстық кезеңі болып өтті. Аталмыш сайыс дәстүрлі түрде 13-мәрте ұйымдастырылып отыр. Қам көңіл жандар арасында өтіп жатқан фестивальдің негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігін, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту. Аталмыш байқауды жеңіп шыққан жеңімпаздар бірінші маусымда ұйымдастырылатын «Жұлдызайдың» республикалық кезеңіне жолдама алды.