23
май
2022
Кезекті пікірсайыс ойыны өтті
Мектепішілік «Алаш» дебат клубында оқушылардың бастамашылдығымен кезекті пікірсайыс ойыны өтті. Пікірсайыста «Қазіргі заманда көп балалы болу дұрыс/ дұрыс емес» деген қарар талқыланды. Ойынға 8- сынып оқушыларының «Зерек» тобы: 1-спикер Марат Айназ; 2-спикер Жантасова Сымбат пен «Аламан» тобы: 1-спикер Смайыл Мархаббат; 2- спикер Нургазиева Жанель қатысты. Екі топтың арасындағы ойын ережеге сай қызықты әрі тартысты өтті. Оқушылардың ойын арқылы дебаттық тәжірибелері артып, сөйлеу шеберліктері шыңдалды. Дебат жетекшісі А.Д.Садуақасова ойынға төрешілік еткен 10-сынып оқушысы Серікжан Ақмарал мен 9- сынып оқушысы Ырысмұхамет Өренге және ойыншыларға алғыс білдірді.












