11
январь
2023
"Деструктивті діни ағымдар қауіпі", "Ер бала отан қорғаны"
11.01.2023 күні мектебімізде "Жас жігер" ұлдар ұйымы жоспарына сай "Деструктивті діни ағымдар қауіпі", "Ер бала отан қорғаны" тақырыптарында ұлдар жиналысы өткізілді. Шара барысында еліміздегі деструктивті діни ағымдар мен кереғар көзғарастағы ұйымдар, оларды насихаттайтын қауіпті аккаунттар туралы айтылып, олардың ықпалынан қорғану жолдары түсіндірілді. Әрмен қарай ер жігітке тән қасиеттер, отбасы мен отан алдындағы борыштары туралы ашық сұхбаттасу жүргізілді.












