27
сентябрь
2022
"Тәртіпке бағынған құл болмайды"
Мектебімізде "Жас жігер" ұлдар ұйымы жоспарына сай 26.09.2022 күні "Тәртіпке бағынған құл болмайды", "Жасөспірім арасындағы құқықбұзушылық пен нашақорлық" тақырыптарында ұлдар жиналысы өткізілді. Шара барысында Шара барысында мектептің ішкі тәртібі жайлы, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық туралы, сонымен қатар жастар арасында белең алып тұраған зиянды заттарды тұтыну, электронды темекі, шылым, насыбай, алкогольдің адам ағзасына келтіретін зияны, оларға қатысты жаза түрлері туралы айтылды. Жас балалардың энергетикалық сусындарға әуестігі мен тәуелділігі және денсаулыққа тигізетін кері әсері жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.




