"Заманауи баталар жинағы" кітабының тұсаукесері өтті. » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Заманауи баталар жинағы" кітабының тұсаукесері өтті.
08
декабрь
2022

"Заманауи баталар жинағы" кітабының тұсаукесері өтті.

07.12.2022 күні "Оқуға құштар мектеппіз!" жобасы аясында мектебіміздің кітапханасында батагөй Балқыбеков Серікбек ақсақалымыздың "Заманауи баталар жинағы" кітабының тұсаукесері өтті. Аталмыш шараға Серікбек атамыздың жанашыр замандастары мен туған-туыстары, мектеп директоры мен ұстаздары және 7 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында Серікбек атамыз туралы слайд көрсетіліп, өмір баяны таныстырылды. Серікбек атамыздың немерелері Али мен Медина және 7ғ сыныбының ұлдары автордың баталарын жатқа айтып, қатысушылардың зор ықыласына бөленді. Мектеп директоры Шалқар Мелісұлы Құдайбергенов кітаптың тұсауын кесіп, атамыздың иығына шапан жапты. Батагөй атамыз өз кезегінде мектеп кітапханасына сиясы әлі кеппеген жаңа кітаптарды сыйға тартты. Замандастары өз тілектерін айтып, мектеп ұжымына және оқушыларға алғыстарын білдірді.
Балқыбеков Серікбек –1950 жылы 13 қазанда Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылту ауылында дүниеге келген. 1968 жылы 8 сыныпты бітіріп, Ақсу құрылыс техникумына түсіп, 1970 жылы бітірді. Осы жылдан бастап Шоқан Уәлиханов атыдағы қой совхозына құрылыс мастері болып қызметке тұрды, 1973-1991 жылдар аралығында осы совхозда құрылыс саласында бас прораб болып қызмет атқарды. Қазіргі таңда зейнеттік демалыста, Талдықорған қаласында тұрып жатыр. 2014 жылдан бері бата жазады. 2022 жылдың "Батагөй" байқауының жеңімпазы. Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің "Әке мектебі" кеңесінің белсенді мүшесі.