14
октябрь
2022
«Ата-анаңды құрметте, ұстазыңды ұлықта, бір-біріне қамқор бол»
Мектебіміздің "Әке мектебі" кеңесі жоспарына сай 13.10.2022 күні 8 сынып оқушыларымен «Ата-анаңды құрметте, ұстазыңды ұлықта, бір-біріне қамқор бол» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа кеңес мүшелері: Серікбек Балқыбеков, Қадір Байәділұлы, Бауыржан Төкенұлы, Елнұр Мелісұлы және Бауыржан Мустафиновтар қатысып, өз ақыл-кеңестерін берді. Шара соңында батагөй ақсақалымыз Серікбек Балқыбеков балаларға ақ тілек, батасын берді.
"Әке мектебі" кеңесін құрудағы мақсат – отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру, тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда оқу орындарына көмек көрсету, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға көмек көрсету және балалардың қауіпсіздігін сақтау шараларын ұйымдастыру болып табылады.