Құтырма ауруының алдын алайық! » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
30
сентябрь
2022

Құтырма ауруының алдын алайық!

"Біз денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеппіз!" жобпасы аясында 28 қыркүйек - Дүниежүзілік құтыруға қарсы күрес күніне орай мектебімізде сынып сағаттары, медбике тарапынан дәріс сағаттары және диктант жазу ұйымдастырылды.
Құтыру ауруы дегеніміз - жүйке жүйесінің ауыр зақымдалуымен сипатталатын және көбінесе өліммен аяқталатын вирустық ауру.Бұл вирус сау адамға осы вирусты жұқтырған жануарлардың тістеп алуы нәтижесінде жұғады. Құтыру вирусы (Neuroryctes rabid) микровирустар Rhabdoviridae тобына жатады. Вирус сілекейде, көз жасында және зәрде кездеседі. Вирусты тасымалдаушыларға дала жыртқыштары да домжануарларыда жатады.
Егер сізді қандай да бір жануар тістеп алса не істеу керек ? Ең алдымен тістеп алған орынды тез арада сабынмен жақсылап 10 минут көлемінде жуу керек.Егер тістеген орын терең орналасса онда сұйық сабынмен,шприцпен немесе катетермен жуған дұрыс.Жараны күйдіруге,тігуге болмайды. Осындан кейін жақын маңдағы медициналық мекемеге қаралу керек,себебі вакцинаны тез қабылдаған ауруды тез жеңуге көмектеседі.Дәрігерге барған кезде мына нәрселерді айтуды ұмытпаңыз –тістеп алған жануарға сипаттаманы,сыртқы көрінісін,тістеп алған кезді. Содан соң дәрігер айтқанына байланысты вакцина қабылдау жүргізіледі.Сіз күнделікті вакцинаны мекемеде қабылдап үйіңізге қайтып жүресіз,егер тістеп алған аймақ ауқымды болатын болса немесе науқастың жүйке жүйесінде ақауы бар,жүкті әйел болса онда стационарда емделеді. Вакцина қабылдау кезінде өзіңіздің жағдайыныңызға жақсы бақылау жасау керек.Егер қандай да бір ауыртпалық сезетін болсаңыз міндетті түрде дәрігерге қаралып,вакцинаны тоқтата тұру керек. Невропатолог,терапевт және рабиологтардың рұқсатымен ғана вакцинаны жалғастырады.