"Электр қуаты ойыншық емес!" » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
18
сентябрь
2021

"Электр қуаты ойыншық емес!"

Мектебімізде 2021 жылдың 17 қыркүйек күні Электр жарақатының алдын алу бойынша "Электр қуаты ойыншық емес!" атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты: адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Электр тогының қауіптілігі - бұл түссіз, иіссіз және оны көруге де, естуге де болмайды. Арнайы құрылғыларсыз электр тоғын анықтау мүмкін емес. Статистикаға сәйкес, электр жарақаттары негізінен бастауыш пен орта буын мектеп жасындағы балаларда (7-11 жас) кездеседі.
Электр энергетика саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қатаң тыйым салынады:
- электр шкафтарының, құрастырмалардың, қалқандардың есіктерін ашу;
- трансформаторлық қосалқы станцияға міну, тіректердегі оқшаулағыштарды бұзу;
- электр берудің әуе жерлерінің тіректеріне өрмелеу;
- көшедегі, аулалардағы, сквлердегі үзілген сымдарға жақындауға және ұстауға;
- тасымалды электр қабылдағыштардың жалаң сымдарымен электр розеткаларын қосу;
- ағаштар, үйлер мен ғимараттардың төбелері, баспалдақтар арқылы электр сымдарына 1,5 метр жақындауға;
-электр беру желілерінің астында ойнау, әуе жыландарын ұшыру, кернеудегі электр қондырғылары мен жабдықтың жанындағы орынды ойын үшін пайдалануға болмайтынын естен шығармауымыз керек.