"Педикулездің алдын алу" атты акциясы - "Жеке бас гигиенасы" » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Педикулездің алдын алу" атты акциясы - "Жеке бас гигиенасы"
28
сентябрь
2022

"Педикулездің алдын алу" атты акциясы - "Жеке бас гигиенасы"

"Біз денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеппіз" жобасы аясында 2022 жылдың 20 - 30 қыркүйек күндері аралығында "Педикулездің алдын алу" атты акциясы жүргізілуде. Акция шеңберінде 1-11 сынып аралығында дерматомикоз, педикулез жұқпаларын алдын алу мақсатында "Жеке бас гигиенасы" тақырыбында диктант жазылды, дәріс оқылып, сынып сағаттары жүргізілді.
Педикулез (битшендік) - бұл биттердің кесірінен болатын ауру. Көбінесе бит жеке гигиена ережесін бұзғаннан, бөтен адамның затын пайдаланып, киімін киюден жұғады. Соның әсерінен педикулез пайда болып, биттер мекендеген жер қыши бастайды. Сондай-ақ, биттер көптеген жұқпалы аурулардың тасымалдаушылары (бөртпе,сүзек және т.б.) болып табылады.
Битпен күресудің, оны алдын алудың шаралары-жеке бас тазалығы мен санитарлық талаптарды қатаң сақтау, шаш пен дене гигиенасын күтіп, қарау. Жуынған соң төсек пен ішкиімді ауыстырып тұру керек.
Бит түскен жағдайда тез арада дәрігерге қаралған дұрыс. Емдеу шаралын кешіктірмей жүргізу, өзімізге және денсаулыққа пайдалы.