«Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»
07
сентябрь
2022

«Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»

2022 жылдың 1 қыркүйек күні қаламыздағы тұңғыш қазақ мектептерінің бірі, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп лицейінің 1310 шәкіртіне алғашқы қоңырау соғылды. Алғашқы қоңырау салтанатына Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Али қатысып, салтанатқа жиналған білім алушылар мен бірінші сынып бүлдіршіндеріне өз жүрекжарды құттықтауын білдірді. Өткен оқу жылы мектепті аяқтаған 51 түлектің орнына биылғы оқу жылы 160 бүлдіршін 1 сыныпқа қабылданды. 1-11 сынып аралығындағы оқушыларға «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Салтанатты жиыннан соң Рустам Али 11 сынып түлектерімен бейресми кездесу-сұхбат өткізді. Облыс әкімі орынбасары түлектерге жаһандану үрдісінде табысқа жетудің бірден бір жолы – білім екендігін баса айтты. ХХІ ғасыр жастары жан-жақты жетілген болуы өте маңызды. «Главная құндылық уақыт екендігін ұмытпаңыздар. Уақытты тиімді пайдалану жетістік баспалдағы. Кітап оқу, спортпен айналысу, жақын жандармен комуникативтік қарым-қатынаста болу - бұл да қажетті қасиеттер». Кездесу соңында Рустам Али түлектерді қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Бұл кедесуде ең ұтқыр сұрақ иесі әкімнің орынбасарының қолынан «Мазмұндама» қоғамдық қоры шығарған «Оқуға тиіс 10 кітап» кітабына ие болды.
Білім күніне арналған іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.
Міндеттері:
- қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету;
- білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру;
- білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.