«Отбасы – ұлттың тірегі» - жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Отбасы – ұлттың тірегі» - жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
18
май
2022

«Отбасы – ұлттың тірегі» - жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы

"Қауіпсіз жаз" акциясы аясында 2022 жылдың 17 мамыр күні мектепте «Отбасы – ұлттың тірегі» ұранымен жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Аталмыш жиналыста келесі мәселелер қаралды: 1. «Бала қауіпсіздігі – басты назарда»; 2.«Мектеп формасы -оқушы көркі» және 3. «Мектептің ата-аналар комитеті». Шара барысында каникул кезінде шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары мен жаз мезгіліндегі өрт қауіпсіздігі туралы, кішкене балаларды қараусыз қалуының алдын алу туралы, жасөспірімдер арасында қылмыстық әрекеттердің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Психолог тарапынан отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мен кибербуллингтің алдын алу бойынша баяндама жасалынып, кеңестер берілді. Келесі кезекте келер оқу жылына байланысты ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығының «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» құжатты негізге ала отырып, мектеп бойынша бірыңғай мектеп формасы туралы слайд көрсетілді, ата-аналар арасында талқыға салынып, киім үлгісі белгіленіп алынды. Ата-аналар бірыңғай мектеп формасын құптап, бірауыздан шешім қабылдады. Үшінші мәселе бойынша мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы мен мүшелері сайланды, сондай-ақ «Әкелер мектебі» мен «Аналар мектебі» жобасы жұмыстары талқыланып, маңыздылығы мен мақсат-міндеттері түсіндірілді. Жиналыс соңыңда ата-аналар сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.