25
апрель
2022
Бала қауіпсіздігі басты назарда!
"Балалар жылы" аясында балалар жарақаты мен оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша көктем, жаз мезгілі мен шомылу маусымына байланысты Талдықорған қаласы білім бөлімінің 22.04.2022 күнгі №89-14-89/1006 хаты негізінде мектеп бойынша білім алушылар мен ата-аналар арасында дәстүрлі форматта және әлеуметтік желі платформалары арқылы шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жаз мезгілінде қапырық ыстық және жайдары құрғақ болуына байланысты өрт қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш шаралар сынып сағаты, жиналыс, бейнероликтер жіберу түрлерінде өткізілді. Мектепте ақпараттық бұрыштары бар.
















