15
март
2022
Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
2022 жылдың 14 наурыз күні "Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі" мемлекеттік-коммуналдық мекемесінде мектептің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа қалалық Полиция Департаменті қызметкерлері полиция аға лейтенанты Ракымбеков Ринат Тұрданғазыұлы, мектеп инспекторы, полиция лейтенанты Тұрсынова Дана, қалалық білім бөлімі қызметкері Гүлмира Әділбекқызы және мектеп директоры Шалқар Мелісұлы қатысты. Аталмыш жиналыста "ҚР Педагог мәртебесі туралы Заңы" және "Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен жағымсыз әрекеттер" тақырыптарында сөз қозғалды, ақыл-кеңестер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ көктем, жаз мезгілі айларында шомылу кезіндегі қауіпсіздік пен өрттін алдын алу қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Шара барысында ата-аналар сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.












