05
февраль
2020
"Ұрпаққа үлгі болған ерлік"
2020 жылдың 04 ақпан күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай №18 мектеп-лицейі мен №14 мектептің кадет сыныптарының ұйымдастыруымен №14 мектепте "Ұрпаққа үлгі болған ерлік" атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу кешімізге Айнегов Марат Сейтайұлы, Омаров Амангедді Жұмаханұлы, Ермаханбет Серік Дəріұлы, Оразбаев Алтай Əсетұлы және Қасенов Асхат Ауғанұлы қатысып, зор ықыласқа бөленді. Шара барысында өнерлі оқушыларымыз патриоттық әндер шырқап, "Қаһарман батыр -Бауыржан" атты сахналық көрініс қойды. Батыр ағаларымыз өскелен ұрпаққа өз ақыл-кеңестерін беріп, ұйымдастырушылар мен оқушыларға алғыстарын білдірді. Шараның басты мақсаты: Школьникам Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету.