06
май
2018
«Ұрпаққа ұран болған – Ұлы ерлік»
2018 жылдың 4 мамыр күні мектебімізде Ұлы Жеңістің 73 жылдығы мен Чернобыль оқиғасының 32 жылдығына арналған «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы ерлік» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: Жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге баулу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларымыз бен Чернобыль апаты кезіндегі ерлік көрсеткен батырларымызға тағзым ету. Сұрапыл соғыс құрбандары мен Чернобыль апаты құрбандарын құрметпен еске алуды кейінгі ұрпақ бойына сіңіру. Аталмыш шараға Чернобыль апатына қатысқан ардагер батырларымыз: Асанов Мұрат Бекқазыұлы, Ақжолтаев Рахат Есболатұлы және Мамырбаев Бауыржан Телжанұлы қатысты. Шара барысында өнерлі оқушыларымыз патриоттық әндер шырқап, көңілдерін бір серпітіп алды. Батыр ағаларымыз бастрынан өткерген небір қиын-қыстау күндерін көз алдарынан жүгіртіп, өскелен ұрпаққа өз ақыл-кеңестерін беріп, мектеп ұжымы мен оқушыларға алғыстарын білдірді.