30
январь
2022
«Абайлаңыз, балақай!-2» 2021 - 2022 оқу жылы
"Балалар жылы" аясында 2022 жылдың 24-29 қаңтар күндері аралығында мектебімізде «Абайлаңыз, балақай!» атты апталық өткізілді. Апталық аясында барлық сыныптарда бірыңғай сынып сағаттары жүргізілді. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жолда жүру ережелері, діни экстремизм мен терроризм қаупі, ғаламтордағы радикалды ағымды насихаттайтын және өлімге итермелейтін қауіпті сайттар мен аккуанттар туралы ақпарат беріліп, қорғану шаралары туралы түсіндірілді. Сондай-ақ "Біз терроризмге қарсымыз" тақырыбында сурет салу мен "Қауіпті ғаламтор", "Ғаламтордың пайдасы мен зияны" тақырыптарында видеоролик әзірлеу эстафетасы жүргізілді.














