26
январь
2021
«Абайлаңыз, балақай!» 2021
2021 жылдың 25-26 қаңтар күндері Талдықорған қаласының Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп лицейінде «Қауіпсіз мектеп» акциясы жүргізілуде. Акция барысында «Абайлаңыз, балақай!» атты 1-4 сыныптарда бірыңғай сынып сағаттары өткізіліп, "Жарқын бол" тақырыбында суреттер салынды; мектептің ата-аналарымен «Жолда жүру ережесі» тақырыбында семинар-тренинг жүргізілді. Сонымен қатар қаңтар айындағы ЕНТ-ға қатысатын 11 сынып түлектерімен мектеп әкімшілігі қауіпсіздік шаралары жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталмыш шаралардың негізгі мақсаты: оқушылардың қауіпсіздігі, оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру және жолда жүру ережесін дұрыс сақтауға, орындауға баулу. Ата-аналар арқылы оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, тұруға, жол ережесін қатаң түрде сақтауға тәрбиелеу болып табылады.