09
сентябрь
2021
«Абайлаңыз, балақай!» -1
Мектебімізде 2021 жылдың 6-8 қыркүйек күні аралығында «Абайлаңыз, балақай!» атты 1-8 сыныптар аралығында жолда жүру қауіпсіздігіне арналған акциясы өткізілді. Акция барысында сынып жетекшілері мен мектеп инспекторы Г.Сәкенова оқушылармен сынып сағаттарын өткізді. Мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру және жолда жүру ережесін дұрыс сақтауға, орындауға баулу. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, тұруға, жол ережесін қатаң түрде сақтауға тәрбиелеу болып табылады.








