«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
27
октябрь
2021

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»

«Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы N18 орта мектеп – лицейі» КММ
Мектеп ұжымымен өткізілген жиналыс
ХАТТАМАСЫ


Уақыты 27.10.2021
Зуум-платформасы

Қатысқандар:
1. Ш.М.Құдайбергенов – мектеп директоры
2. Қ.М.Әмірова - директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары
3. Б.Қауметова – директордың әдістемелік ісі жөніңдегі орынбасары
4. Қ.Ж.Қуанышбаев – директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары
5. Б.Т.Тайыржан – педагог – ұйымдастырушы
6. Ә.Жұмабекова – әлеуметтік педагог
7. Б.Абдрахманова – мектепішілік «Нұр Отан» ХДП ұйымы хатшысы
8. М.Айтболатова – мектепішілік кәсіподақ ұйымының төрайымы
9. Д.Көкежанова, Б.Ерғожа – педагог-психологтар
10. Мектеп ұжымы: 106. Қатысқаны 97

Күн тәртібінде:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Ш.М.Құдайбергенов ұжым мүшелеріне жиналыстың күн тәртібін хабарлап, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес” тақырыбында жиналыс өткізді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күрделі мәселесі екендігін және жемқорлыққа бірлесіп қарсы тұру керектігін айтып өтті.
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде «Сыбайлас жемқорлықпен күресте тиімді жұмысты жалғастыру керек. Жауапты агенттік жыл соңына дейін орта мерзімді кезеңге біздің іс-қимылымыз бағдарламасын айқындайтын стратегиялық құжатты бекітуге енгізуі тиіс». Ал өз тапсырмасында «Адамдар әлі де жоғары оқу орындарында, колледждерде, тіпті мектептердегі сыбайлас жемқорлықты айтып, шағымданады. Жемқорлық азаматтарымыздың бойына сіңіп, тіпті, қоғамның қалыпты құбылысына айналып кетуі мүмкін. Главная мәселе – осы» - деген болатын.
ҚР 18.11.2015 жылғы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" туралы №410-V Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың адын алу және оған қарсы іс-қимыл шараларын әзірлеу және қабылдау бойынша Әдістемелік ұсыныстарға және «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» құжатқа сүйене отырып мүдделер арасындағы туындалған дауды реттеу жөнінде құрылған Келісім кеңесі жұмысы туралы айтылды. Мектеп ғимаратында ата-аналар мен қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «сенім жәшігі» орнатылған. Сенім жәшігіне мектептің сенім телефондары көрсетілген. Білім алушылармен жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілуде. Жиналыс соңында: ата-аналардан, білім алушылардан түрлі мақсаттарда ақша жинауға болмайтыны, сонымен қатар ата-аналардан сыйлық алуға болмайтыны ескертілді. Біз мектепте ақша жинауға тыйым салуға қатысты саясатты қатаң ұстанамыз. Егер ата-аналардан, оқушылардан ақша жинау туралы шағым түссе қатаң шара қолданамыз" - деп, өз сөзін түйіндеді.
Жарыс сөзге мектепішілк «Нұр Отан» ХДП хатшысы Б.Абдрахманова, мектепішілік кәсіподақ ұйымының төрайымы М.Айтболатова, директордың орынбасары Б.Қауметова, құқық пәнінің мұғалімі Ә.Абдрахманова шығып өз ойларын ортаға салып, жоғарыда айтылған ұсыныстар мен талаптарды бірауыздан қолдады.
Жиналыс төрағасы Ш.М.Құдайбергенов қаралған мәселені қорытындылай келе жемқорлықпен күресу - қоғам міндеті деп, өз сөзін қорытындылады.

Шешімі:
1.Мектепте ақша жинауға, ата-аналардан және оқушылардан бағалы сыйлықтар алуға қатаң түрде тыйым салынсын.
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының басым бағыттарын түсіндіру мен насихаттау жұмыстары жалғасын тапсын
                                                                                                Хатшы А.Болысбекова