"Сыбайлас жемқорлық - ел дамуына тосқауыл" » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Сыбайлас жемқорлық - ел дамуына тосқауыл"
13
ноябрь
2020

"Сыбайлас жемқорлық - ел дамуына тосқауыл"

2020 жылдың 13 қараша күні мектеп директоры Құдайбергенов Шалқар Мелісұлы мектеп ұжымымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес” тақырыбында жиналыс өткізді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күрделі мәселесі екендігін және жемқорлыққа бірлесіп қарсы тұру керектігін айтып өтті.
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз тапсырмасында «Адамдар әлі де жоғары оқу орындарында, колледждерде, тіпті мектептердегі сыбайлас жемқорлықты айтып, шағымданады. Жемқорлық азаматтарымыздың бойына сіңіп, тіпті, қоғамның қалыпты құбылысына айналып кетуі мүмкін. Главная мәселе – осы. Осы мәселелер бойынша қоғамдық бақылау тетігі жұмыс жасауға тиіс. Бұл шараға үкіметтік емес ұйымдарды тартқан жөн. Оларды нормативтік-құқықтық актілерді сараптау ісіне қатыстыру керек» - дегенін алға тартты. ҚР 18.11.2015 жылғы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" туралы №410-V Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың адын алу және оған қарсы іс-қимыл шараларын әзірлеу және қабылдау бойынша Әдістемелік ұсыныстарға сүйене отырып мүдделер арасындағы туындалған дауды реттеу жөнінде құрылған Келісім кеңесі жұмысы туралы айтылды. Жиналыс соңында "Мектепте түрлі мақсаттарға ақша жинауға тыйым салу бойынша нақты қағидалар бекітіліп, бұйрық шығарылған. Ол туралы барлық жиналыстарда айтылып жүр. Біз мектепте ақша жинауға тыйым салуға қатысты саясатты қатаң ұстанамыз. Егер ата-аналардан, оқушылардан ақша жинау туралы шағым түссе қатаң шара қолданамыз" - деп, өз сөзін түйіндеді. Екінші мәселе бойынша Ш.М.Құдайбергенов жаңа 2020-2021 оқу жлының 1 тоқсанында «Ковид-19» короновирустық инфекцясының таралуы мен эпидемиялогиялық жағдайға байланысты білім алушылардың сапалы білім алуы мен әлуметтік жағдайларын жақсартуды қамтамасыз етуге байланысты бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуы туралы есеп берді. Осы тамыз-қараша айларына мектебімізге жергілікті бюджеттен 62 ноутбук, 6 планшет және 8 компьютерлер берілді, алдағы уақытта 300-ге жуық компьютерлік техника жоспарлы түрде берілетінің айтып өтті. Жалпы осы пандемияға байланысты аз қамтылған отбасылары мен көпбалалы уақытша пайдалануға беріліп жатқаның айтты. Сондай-ақ жағдайы төмен отбасы ата-аналарының өтініштері бойынша жергілікті бюджеттен интернет желісімен қамтамасыз етілді. Кезекші сыныптарды сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында кабинеттердегі барлық ақпараттық қондырғылар жаңартылып, интернет желісі қалыпқа келтірілді. Компьютер, ноутбуктерге мұқтаж педагог мамандар да ақпараттық құралдармен қамтамасыз етілді.